Басшының блогы
Уранкаева Гаухария Кызырхановна – «АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталық» ШЖҚ КМК директоры
Білімі:
1997 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі:
1998 – 2006 жж. – Талдықорған тері-венерологиялық диспансерінде дерматовенеролог дәрігер. 2006 – 2008 жж. – «Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» ШЖҚ КМК-де инфекционист дәрігер.
2008 – 2009 жж. – «Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» ШЖҚ КМК-де диспансерлік бақылау бөлімінің меңгерушісі.
2009 – 2017 жж. – Талдықорған өңірі бойынша Алматы облыстық ЖИТС орталығы бас дәрігерінің орынбасары.
2017 – 2022 жж. – «Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» ШЖҚ КМК директорының орынбасары.
2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасының «АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталығы» ШЖҚ КМК директоры.
Марапаттары: «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы.
Жеке блогыма қош келдіңіздер!
Осы блог арқылы сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге, ЖИТС қызметінің қызметіне қатысты шағымдар мен ұсыныстарды қарастыруға тырысамын.
Бұл жаңа интерактивті ресурс тиімді байланыс арнасына айналып, алдағы қарым-қатынасымыз пайдалы болады деп сенемін.
Құрметпен, Уранкаева Г.К.


Пікірлер қосу