ШЖҚ «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» МКК-нің Алдын алу және қоғаммен байланыс бөлімінің мамандары Текелі қаласы білім бөлімімен бірлесе отырып, АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында мектеп оқушыларының ата-аналарына арналған оқыту семинар-тренинг өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — қоғамда АИТВ инфекциясы туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, алдын алу шараларын түсіндіру және ата-аналардың ақпараттылығын арттыру болды.
Семинар барысында АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі ақпараттық материалдар мен брошюралар таратылып, қатысушыларға тақырыптық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинар бағдарламасы:
1. Кіріспе сөз, жиналыстың ашылуы
Текелі қаласы білім бөлімінің басшысы
Нусипбеков Нурлан Турсынмамедович
2. «Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп»
Текелі қаласы білім бөлімі әдіскері
Базарбаева Айжан Берікқызы
3. «Бала қауіпсіздігі – басты назарда»
Психологиялық қолдау орталығының әдіскері
Алмагүл Бүркітбайқызы
4. «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және заң алдындағы жауапкершілігі»
Қалалық прокуратура прокуроры
Нұрсапа Ақтаң
5. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету»
Текелі қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі
Алмас Мұратұлы
6. «Төтенше жағдайлардың алдын алу кезіндегі қауіпсіздік ережелері»
Текелі қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры
Смагулов Алмас Саматұлы
7. «Баланы өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ата-аналардың рөлі»
Қалалық аурухананың бас дәрігері
Кобельдесов Ертай Тлеутаевич
8.Семинарды қорытындылау, кері байланыс:
Текелі қаласы білім бөлімінің басшысы
Нусипбеков Нурлан Турсынмамедович мне
9.Қатысушы ұйым:
“Талдықорған аймақтық еңбекке орналастыруға жәрдем көрсету қоры” қоғамдық қоры
Харлова Светлана Васильевна









