1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, ШЖҚ "Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы" МКК ұжымы аға буын қызметкерлеріне ерекше құрмет көрсетті. Орталық басшысының бастамасымен ұжым өкілдері зейнет жасындағы ардагер әріптестерін құттықтап, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Ұзақ жылдар бойы адал қызмет еткен ардагерлерге алғыс айтылып, жылы лебіздер мен ықылас білдірілді.
Сонымен қатар, 30 қыркүйек күні орталықта қарттар күніне орай 08:30 ден 16:30 дейін "Ашық есік күні" ұйымдастырылды. Шара барысында орталықтың инфекционист және терапевт дәрігерлері АИТВ инфекциясы бойынша кеңес беріп, алдын алу жолдары түсіндірілді. Қатысушыларға ақпараттық үнпарақтар таратылып, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен АИТВ-ға зертханалық тексерулер жүргізілді.
"Ашық есік күні" азаматтардың денсаулығын сақтауға, ақпараттандыруға және профилактикалық шараларды күшейтуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.





