«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» МКК
Құрметті отандастар!
Біздің орталықтың медицина қызметкерлері сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл мереке – мемлекетіміздің тәуелсіздігін, халықтың құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын ең қастерлі күндердің бірі. Конституция – ел бірлігінің, тұрақтылықтың және жарқын болашағымыздың кепілі.
Осы мерекелі күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Еліміз әрқашан бейбітшілік пен келісімде болсын!
Мереке құтты болсын! 🇰🇿






