Жүгіру жолы
AA+
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Жүгіру жолы
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
AA+

+7 (777) 777-77-77


Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aids7su.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20

Вход в аккаунт Kz

Медициналық ұйымдарға мониторингтік сапарлар кестесіне сәйкес Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» КМК эпидемиологиялық бөлімінің дәрігер-эпидемиологы А. Қарипханова ШЖҚ «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» КМК медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.

Семинар барысында қатысушыларға АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, заманауи алдын алу шаралары, диагностика әдістері және Жетісу облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы өзекті ақпарат ұсынылды. Ерекше назар ауруды ерте анықтау, инфекциялық қауіпсіздік талаптарын сақтау және медицина қызметкерлерінің кәсіби қырағылығын арттыру мәселелеріне аударылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру, халық денсаулығын сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті төмендету болды.

Семинар ашық диалог және белсенді кәсіби пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелерін талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды және тәжірибе алмасты. Барлық қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

Кездесу барысында А. Қарипханова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығына сәйкес пациенттерді клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-инфекциясына уақтылы тексерудің маңыздылығын атап өтті.

Дәрігер-эпидемиолог А. Қарипханова: «АИТВ-инфекциясы созылмалы инфекциялық ауру болып табылады, оны уақтылы анықтап, антиретровирустық терапияны тағайындаған жағдайда адамдарға толыққанды және белсенді өмір сүруге мүмкіндік береді». Осыған байланысты АИТВ-инфекциясының алдын алу, ерте диагностикалау және халық пен медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру ерекше маңызға ие.