ШЖҚ «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» МКК-нің Алдын алу және қоғаммен байланыс бөлімінің мамандары «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты Талдықорған қаласындағы «Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен бірлесе отырып, АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында оқыту семинар-тренинг өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға АИТВ инфекциясы туралы ақпараттық презентация ұсынылып, түсіндірме әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ қатысушыларға ақпараттық анкеталар мен брошюралар таратылды.









