Жүгіру жолы
AA+
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Жүгіру жолы
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
AA+

+7 (777) 777-77-77


Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aids7su.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20

Вход в аккаунт Kz

«Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Облыстық АИТВ алдын алу орталығы» МКК профилактикалық бөлімінің мамандары Панфилов ауданы аумағында кешенді выездтік ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізді.

Аталған іс-шаралар халықтың және мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясын алдын алу мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Выезд аясында Жаркент қалалық шекара бөлімінің жеке құрамына, сондай-ақ «Нұр жолы» (жүктік), Нұр жолы (жолаушылық) шбб арналған тақырыптық семинарлар мен оқыту кездесулері өткізілді.

Іс-шара барысында орталық мамандары АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, оның жұғу жолдары, негізгі қауіп факторлары және алдын алу шаралары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар инфекцияны ерте анықтау, тұрақты тестілеудің маңызы және диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдеріне ерекше назар аударылды.

Жеке жауапкершілікті қалыптастыруға, қауіп-қатерлі мінез-құлықтың алдын алуға және АИТВмен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайтуға айрықша мән берілді.

Іс-шаралар дәрістер, интерактивті пікірталастар, ашық диалогтар және кеңес беру сессиялары форматында өтті. Кездесу барысында қатысушыларға ақпараттық-танымдық материалдар, буклеттер және АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі жадынамалар таратылды.

Сондай-ақ мамандар Жетісу облысында әрбір азаматтың тегін және құпия түрде АИТВ-ға тестілеуден өте алатынын, қажет болған жағдайда консультациялық және медициналық көмек ала алатынын атап өтті.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға, қоғамдық денсаулықты нығайтуға, сондай-ақ АИТВ-инфекция таралуын азайтуға және қоғамдағы стигма деңгейін төмендетуге ықпал етеді.