ШЖҚ «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» МКК-нің Алдын алу және қоғаммен байланыс бөлімінің мамандары Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжінің студенттері арасында АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында оқыту семинар-тренинг өткізді. Семинар барысында АИТВ инфекциясы бойынша презентация көрсетіліп, анкета мен брошюралар таратылды.

