Жүгіру жолы
AA+
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Жүгіру жолы
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
AA+

+7 (777) 777-77-77


Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aids7su.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20

Вход в аккаунт Kz

  Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жетісу облыстық АИТВ алдын алу орталығы» ШЖҚ МКК АИТВ инфекциясымен өмір сүретін науқастар арасындағы өлім-жітімді төмендету және оны ерте анықтау жұмыстарын күшейту мәселелеріне арналған облыстық кеңес өткізді.
Іс-шараға облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, медициналық ұйымдардың басшылары мен орынбасарлары, инфекционист-дәрігерлер, эпидемиологтар, сондай-ақ АИТВ инфекциясының алдын алу және медициналық көмек көрсету бойынша жауапты мамандар қатысты.
Кеңес барысында өңірдің денсаулық сақтау жүйесі алдында тұрған өзекті мәселелер мен сын-қатерлер қарастырылып, медициналық көмектің тиімділігін арттыру жолдары, ерте диагностиканы жақсарту шаралары талданды. Сондай-ақ АИТВ инфекциясымен науқастар арасындағы өлім-жітім себептеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізілді.
Талқылау қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:
​•​медициналық ұйымдар, әлеуметтік қызметтер және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту;
​•​шалғай және қол жетімсіз аудандарды қоса алғанда, халықты скринингтік тексерулермен қамтуды кеңейту;
​•​пациенттердің емделуге бейілділігін арттыру және аурудың үдеуінің алдын алу бойынша іс-шараларды енгізу.

  Мұндай кеңестер барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіруге, бірыңғай стратегияны қалыптастыруға және медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде өлім-жітімді төмендетуге және Жетісу облысында АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.