Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жетісу облыстық АИТВ алдын алу орталығы» ШЖҚ МКК «Жетісу облысында АИТВ инфекциясының және әлеуметтік маңызы бар аурулардың таралуын төмендету, нашақорлықтың алдын алу» және медициналық бақылау жүйесінен шығып қалған («жоғалған») АИТВ инфекциясымен өмір сүретін науқастарды іздеу және емдеуге қайтару шаралары тақырыбында ведомствоаралық кеңес өткізді.
Кеңеске Денсаулық сақтау басқармасының, облыстық психикалық денсаулық орталығының өкілдері, «Қос Қанат Жетісу» ЖШС үкіметтік емес ұйымының өкілдері және құқық қорғау органдарының қызметкері қатысты.
Талқылау барысында медициналық бақылауды тоқтатқан науқастарды іздестіру және емдеуге қайтару мәселелері қаралып, медициналық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар және құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылдың бірлескен алгоритмдері әзірленді.
Сонымен қатар нашақорлықтың алдын алу, емдеуге бейілділікті арттыру және халықтың осал топтары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша ведомствоаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында 2025 жылдың екінші жартыжылдығына ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Кеңес барысында қабылданған келісімдерді іске асыру медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, медициналық бақылаудан шығып қалған науқастар санын азайтуға және тұтастай алғанда өңірде АИТВ инфекциясының және нашақорлықтың алдын алу жұмыстарын жақсартуға мүмкіндік береді.



