ШЖҚ «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» МКК «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза бейсенбі» сенбілігін өткізді.
Акция барысында орталық ұжымы мекеме аумағын абаттандыруға атсалысып, 25 түп шаған ағашын отырғызды және аула аумағын қоқыстардан тазартты. Бұл шараның басты мақсаты – қызметкерлер арасында экологиялық мәдениетті арттыру, сондай-ақ салауатты және таза еңбек ортасын қалыптастыру болып табылады.
«Таза бейсенбі – таза болашақ!»













