«Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Облыстық АИТВ алдын алу орталығы» МКК, Көксу аудандық орталық ауруханасындағыСӨС (салауатты өмір салты) қызметімен бірлесіп, Көксу ауданының Жастар орталығы үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелеріне арналғандөңгелек үстел ұйымдастырды.
Көксу ауданының Жастар орталығы үшін АИТВ-ның алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстелұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жастардың АИТВ жұғу жолдары, қорғану шаралары, тұрақты түрдетестілеуден өтудің маңызы туралы білім деңгейінарттыру және өз денсаулығына жауапкершілікпенқарауды қалыптастыру. Қатысушыларға АИТВ мен ЖИТС-тің бір ұғым емес екені түсіндіріліп, заманауиемдеу әдістерінің арқасында АИТВ-мен өмір сүретінадамдар толыққанды әрі белсенді өмір сүре алатыныайтылды.
Талқылау барысында мамандар АИТВ вирусыныңберілу жолдарын жан-жақты түсіндіріп, кең таралғанқате түсініктерді жоққа шығарды және АИТВ инфекциясының тұрмыстық жолмен берілмейтінінатап өтті. Сондай-ақ профилактика, қауіпсіз мінез-құлық мәселелеріне және АИТВ-мен өмір сүретінадамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктіазайтуға ерекше назар аударылды.
Мамандар облыста профилактика бағытындазаманауи тәсілдер жүзеге асырылып жатқанын атапөтті: тегін тестілеу мүмкіндіктері кеңейтілуде, кеңесберу қызметтері жетілдірілуде, жаңа білім беру бағдарламалары енгізілуде және жастар арасындаақпараттық жұмыстар күшейтілуде.
Дөңгелек үстел барысында ашық диалог орнатылып, қатысушылардың ақпараттану деңгейіарттырылып, АИТВ-ның алдын алу әр адамның жекежауапкершілігі екені туралы түсінікқалыптастырылды.



