2026 жылғы 16 наурызда «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің ШЖҚ «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» КМК ғимаратында Жетісу облысы бойынша ҚАЖД өкілдерімен және ШЖҚ «№1 қалалық емхана» КМК-мен өткен жылдағы бірлескен жұмыстың қорытындылары бойынша бірлескен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында ҚАЖ мекемелеріндегі арнайы контингент арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша өзекті мәселелер қарастырылды. АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігерлері өткен жылдағы бірлескен профилактикалық жұмыстың нәтижелері туралы баяндама жасап, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған, алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға және АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларын болдырмауға бағытталған жоспарларды ұсынды.
Орталықтың эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Айжан Карипханова 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығына сәйкес бас бостандығынан айырылған адамдарды АИТВ-инфекциясына тексерудің маңыздылығын атап өтті — қабылдау кезінде және 6 айдан кейін қайта тексеру.
Ұйым өкілдері 2026–2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қарап, бекітті. Мекемеішілік АИТВ-инфекциясының таралу жағдайлары тіркелмегеніне қарамастан, сотталғандардың, оның ішінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың денсаулығын қорғау жұмыстары одан әрі күшейтіліп, ведомствоаралық ынтымақтастық қамтамасыз етілетін болады.
Қорытындылай келе, кейбір қиындықтарға қарамастан, бас бостандығынан айыру орындарында алдын алу шараларын кеңінен жүргізу және АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау үшін барлық мүмкіндіктер жасалынған.


