Жүгіру жолы
AA+
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Жүгіру жолы
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
AA+

+7 (777) 777-77-77


Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aids7su.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20

Вход в аккаунт Kz

Простата обыры — 50 жастан асқан ерлер арасында ең көп таралған онкологиялық аурулардың бірі. Ерте кезеңдерінде аурудың белгілері байқалмауы мүмкін, сондықтан алдын алу шараларына және тұрақты тексерулерге ерекше көңіл бөлу өте маңызды.
🔹 Қауіп факторлары:
жас (әсіресе 50 жастан кейін);
тұқым қуалаушылық (егер туыстарында простата обыры болса);
тамақтану ерекшеліктері (қызыл ет пен майды артық тұтыну, көкөніс пен талшықтың жетіспеушілігі);
артық салмақ және қозғалыссыз өмір салты.
🔹 Назар аударуға тұрарлық белгілер:
жиі немесе қиындап зәр шығару;
түнде дәретханаға жиі бару;
қуық толық босамағандай сезім;
зәрде немесе шәуетте қанның болуы;
жамбас не бел аймағында ауырсыну.
🔹 Диагностика және алдын алу:
45–50 жастан кейін урологқа тұрақты бару;
қан талдауы (ПСА — простатаға тән антиген);
УДЗ және қажет болған жағдайда биопсия.

🔹 Ең бастысы:
Простата обыры ерте анықталған жағдайда көбінесе жақсы емделеді. Қазіргі заманауи әдістер — хирургия, сәулелік терапия, гормондық және нысаналы дәрілер — ұзақ әрі сапалы өмір сүру мүмкіндігін едәуір арттырады.
💡 Денсаулыққа қамқор болу — әлсіздік емес, күш. Тұрақты тексерулер аурудың алдын алуға немесе оны ерте кезеңде анықтауға көмектеседі, ал бұл кезде ем ең тиімді болады.