Жүгіру жолы
AA+
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Жүгіру жолы
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
AA+

+7 (777) 777-77-77


Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aids7su.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20

Вход в аккаунт Kz

2025 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейінТалдықорған қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған «Қиындықтардан – өзгерістерге: АИТВ-ға жауап ретінде» ұраныменақпараттық науқан өтеді.
Ақпараттық науқанның ұйымдастырушылары — Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы, ШЖҚ «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКК, сондай-ақ өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар.
Ақпараттық науқан аясында өткізілетін іс-шаралар:
• 11 қараша — қаланың еріктілермен бірлескен «Бақыт кішкентай нәрседе» атты акция;
• 14 қараша — ҚБ «Жастар Рухы» жетісу аудандық филиалымен бірлесіп 18–29 жас аралығындағы жұмыс істейтін және жұмыссыз жастармен кездесу;
• 17 қараша — ЖШС «Хак» медициналық ұйымының емханасында «Ашық есік күні»;
• 23 қараша — Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен, сондай-ақ ШЖҚ «Қалалық емхана №1» МКК қарасты Жастар денсаулық орталығымен бірлесіп үстел теннисінен облыстық чемпионат.
АИТВ-инфекциясы – қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелердің бірі. АИТВ-ны ерте анықтау және емді уақытылы бастау – оң статуспен өмір сүретін адамдарға толыққанды әрі белсенді өмір сүруге мүмкіндік береді.
Бүгінде антиретровирустық терапия тегін және қолжетімді, ол вирустың белсенділігін басып, басқа адамдарға жұғу қаупін болдырмайды.
АИТВ инфекциясы - қол алысу, құшақтасу, сүйісу, ортақ ыдыс пайдалану немесе жәндіктердің шағуы арқылы жұқпайды. АИТВ инфекциясының берілуінің тек үш жолы бар: жыныстық, вертикалды (анадан балаға) және парентералдық.
АИТВ -статусыңызды білудің жалғыз жолы — анонимді тестілеуден өту. Тестілеуді Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы, ШЖҚ «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКК -да өтуіңізге болады.
Ақпараттық науқанның негізгі мақсаттары:
• халықтың АИТВ инфекциясының жұқтыру жолдарытуралы хабардарлығын арттыру;
• тұрақты тестілеуді насихаттау;
• АИТВ-пен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.
Барша Жетісу облысы тұрғындарын бей-жай қарамауға, іс-шараларға қатысуға және мына бір маңызды шындықты есте сақтауға шақырамыз: әр адам АИТВ инфекциясының алдын алуға өз үлесін қоса алады!
Ұйымдастырушылар еріктілерге, жастар ұйымдарынажәне ҮЕҰ серіктестеріне көрсеткен қолдауы мен белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді.
Қосымша ақпарат:
Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Медеу көшесі 3.
Жұмыс режимі:
Дүйсенбі-Жұма, 8: 30 – 17: 00
Телефондар:
8 (7282) 41-11-71 – қабылдау бөлмесі
8 (7282) 41-01-29 – емдеу-профилактикалық жұмысжәне диспансерлеу бөлімі
8 (7282) 41-60-85 – эпидемиологиялық мониторинг бөлімі
E-mail: aids_jetisu@mail.ru
Instagram: aids_zhetisu
TikTok: aids_zhetisu
Facebook: Вич Спид Профилактика