ШЖҚ «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» МКК-нің Алдын алу және қоғаммен байланыс бөлімінің мамандары «Сарыөзек орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында оқыту семинар-тренинг өткізді.
Семинар барысында АИТВ инфекциясы туралы презентация көрсетіліп, сауалнама мен ақпараттық брошюралар таратылды.












